Оқиға

Шымкенттегі "қызыл шамды кварталдан" әйелдің мәйіті табылды

Қазіргі кезде осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. 25 ақпанда Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды жергілікті Otyrar.kz басылымы. 

Құқық қорғау органына 1991 жылы туған жігіт 25 ақпан күні сағат 21:30 шамасында пәтердегі әйелдің мәйіті туралы хабарлаған. Марқұм шамамен 35-40 жаста. 

"Ресми емес дерекке сүйенсек, полицияны шақырған ер адам пәтерде марқұммен бірге болған және ол әйелді буындырып өлтірген болуы мүмкін", – делінген ақпаратта.

Қазіргі кезде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Саябақтағы балалар алаңының қасынан мәйіт салынған чемодан табылды

Айта кетейік, Шымкенттің сегізінші мөлтекауданы ел арасында "қызыл шамды квартал" деген атауға ие. Өйткені, бұл маңдағы тұрғын үй иелері пәтерді жалға беруді табыс көзіне айналдырған. Тіпті, осы ауданнан сағатпен жалға берілетін пәтерлерді де жиі кездестіруге болады.