Қоғам

"Орыс тілін ғана біледі": министрлердің тіл меңгеру рейтингісі жарияланды

Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин орыс тілін ғана біледі 
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik.Ranking.kz аналитикалық компаниясы министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Зерттеу кезінде министрлердің тіл білімі зерделенді. Осылайша әрбір министр білетін шет тілдердің санына қарай рейтинг жасалған. Оған сәйкес, Қазақстанда екі министр бес бірдей тілді біледі. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазақ, орыс, ағылшын, кәріс және жапон тілдерінде сөйлесе, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілдерін біледі.  

Ал төрт тілді білетін басшылардың қатарына цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев кіреді. Алғашқы үшеуі қазақ, орыс, ағылшын мен түрік тілдерін меңгерсе, экономика министрі негізгі үш тілмен бірге неміс тілін де біледі.

Оқи отырыңыз: Ұлттық экономика министрлігіне қазақ тілді басшы неге бұйырмай қойды 

Бес министр негізгі үш тілді ғана біледі. Олар – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, әділет министрі Марат Бекетаев пен денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

18 министрдің жетеуі ағылшын тілін білмейді. Атап айтқанда, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Ал төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин орыс тілін ғана біледі.