Өңірлер

Фото желіде тарап кетті: Таяуда үйленген полицейдің басы бәлеге қалды

Алматы облысының полиция департаменті үйлену тойын өткізу фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады
Sputnik

ТАЛДЫҚОРҒАН, 25 ақпан – Sputnik. Алматы облысының Жаркент қаласында полиция қызметкері карантинге қарамастан үйлену тойын ұйымдастырып, қонақтарды қаладағы мейрамханалардың біріне жинаған.  

Тойдағы суреттер әлеуметтік желіде таралды. Жазбада полицей өзінің үйлену тойын карантин кезеңінде өткізгені айтылады.

Автор карантинді сақтауға жауапты адамдардың өздері той тойлап жүргеніне ашуланған.  Дегенмен әлеуметтік желідегі қолданушылар тәртіп сақшысына қолдау көрсетіп, жазба авторын айыптайтын пікір қалдырған.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда ұлына ұлан-асыр той жасаған әкім қызметінен кететін болды 

Алматы облысының полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады, оның қорытындысы бойынша қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

"Факт бойынша жиналған материал санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жіберілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.