Саясат

Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады

Мұрат Нұртілеу екі жылға жуық президенттің көмекшісі болып жұмыс істеді – ол 2019 жылдың наурызында тағайындалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Нұртілеуді Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.

Ол президенттің көмекшісі болып екі жылға жуық жұмыс істеді.

Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы 11 наурызда дүниеге келген – 44 жаста. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Бұған дейін ол Қазақстанның Финляндия және Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі, Президент әкімшілігі сыртқы саясат орталығы басшысының орынбасары болған.

Оқи отырыңыз: Жаңа қызметке тағайындалған Ринат Зайытов жалақысы қанша екенін айтты 

Қазіргі уақытта президент әкімшілігін Ерлан Қошанов басқарып отыр, оның бірінші орынбасары – Дәурен Абаев, тағы үш орынбасар бар – Ержан Жиенбаев, Мәлік Мырзалин және Тимур Сүлейменов.