Қоғам

Тоқаев белгілі журналистің қазасы жайлы: қаралы хабарды күйзеліспен қабылдадым

Ол қазақстандық журналистиканың қалыптасуына және елдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттігінің артуына елеулі үлес қосты, деді мемлекет басшысы
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болған Михаил Дорофеевтің өмірден өткенін күйзеліспен қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өмір болған соң түрлі жағдай болады. Мен барлығы сияқты ұлттық кеңестегі әріптесіміз Михаил Дорофеевтің өмірден өткені туралы қаралы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Бұл біз үшін орны толмас қаза. Ол қазақстандық журналистиканың қалыптасуына және елдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттігінің артуына елеулі үлес қосты. Жақындары мен туыстарына тағы да қайғырып көңіл айтамын", деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

30 қаңтар күні 31 арнадағы "Информбюро" бағдарламасының бас редакторы және Informburo.kz ақпараттық-аналитикалық порталының бас редакторы Михаил Дорофеев инфаркт алып, қайтыс болды.

Тоқаев белгілі журналистің қазасы жайлы: қаралы хабарды күйзеліспен қабылдадым

Михаил Дорофеев қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында 25 жылдан астам уақыт бойы еңбек етті.

Ол Атырау облысының жергілікті басылымдарында, кейін республикалық басылымдарда – КТК телеарнасы мен "Экспресс К", "Город" және "Мегаполис" газетінде бас редактордың орынбасары лауазымын атқарды.

Оқи отырыңыз: Танымал тележүргізуші өмірден озды

Сондай-ақ, республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда "Астана қалалық телевидениесі" ЖШС-нің бас директоры және "Эра" телекомпаниясы" ЖШС-нің бас продюсері болды.

Михаил Дорофеев әр жылдары "Портрет недели" (КТК), "Формула личности" (Қазақстан, Астана-ТВ), "Тема" ("Астана" телеарнасы), "Открытый диалог" ("Хабар") бағдарламасының жүргізушісі болды.