Әлем

"Бессмертная память" халықаралық жобасы қолға алынды

Оның аясында нацистердің бұрынғы КСРО халқына қарсы қылмыстарының цифрлық архиві әзірленеді. Ақпарат шетелдік мұрағаттан жиналады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. "Россия сегодня" агенттігі "Бессмертная память" халықаралық жобасын қолға алды. Оның аясында нацистердің бұрынғы КСРО халқына қарсы қылмыстарының цифрлық архиві әзірленеді. Ақпарат шетелдік мұрағаттан жиналады.

Жобада Нюрнберг трибуналы аяқталған кезде жарияланған материалдар болады. Бұл трибунал тарихта бірінші болып нацистердің адамзатқа жасаған қиянатын жариялады.

"Халықаралық ұйымдастыру комитетінің "Бессмертная память" жобасы Ұлы Отан және Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңімпаздары және одақтастарының мүддесіне сай келеді", - деді Еуразия халықтары ассамблеясының бас хатшысы Андрей Бельянинов.

Дөңгелек үстелге Қазақстан, Ресей, Латвия және Тәжікстан өкілдері қатысты. РИА Новости-дің "Нюрнберг. Начало мира" тарихи трансмедиялық жобасы таныстырылды. Ол ХХ ғасырдың басты сот процесінің 75 жылдығына орайластырылған.

"Бессмертная память" халықаралық жобасы қолға алынды

nuremberg.media порталында және әлеуметтік желілерде Нюрнберг трибуналына қатысты орыс, неміс, француз және ағылшын тілдерінде материалдар жарық көреді.