Фото

Макияж бен камуфляж: әскери қызметте жүрген әлемдегі қыз-келіншектер бейнесі – фото

Sputnik

Қолында қару-жарағы мен үстінде әскери киімі бар ер адамдарға көз үйренген. Ал мұндай кейіптегі әйелдер бірден ерекше көрінеді. Өйткені олар әр заманда – нәзіктігімен әйелге тән рөлге ие болды. Алайда, әйелдердің тәуекелі мен төзімі, стратегиялық ойлау қабілеті, тіпті физикалық күш-жігері мен қабілет-қарымы сияқты қасиеттер сала мамандарын көбірек қызықтырады.

Камуфляж киген қыздар заманауи әлемде сирек кездеседі. Десек те, көптеген елдің қорғаныс саласында нәзік жанды әскери қызметкерлерді кездестіруге болады.

Өзіне сенімді әрі мықты және сүйкімділігін жоғалтпаған әйелдер әскери борышын ерлермен тең дәрежеде атқарады.

Кей елдерде қыздар өз еркімен әскери қызметке барса, ал кейбір елдерде әскери қызмет міндетті болып табылады.

Оқи отырыңыз: Хайуанаттар бағындағы қарға аунаған жануарлардың тыныс-тіршілігі – фото

Әлем елдерінің әскери саласында әйелдер қалай қызмет етеді және олар қалай көрінеді.

1 / 15
Қазақстандық әскери әйелдер де бітімгершілік күш құрамында арнайы гуманитарлық миссияны орындайды. Олар қарулы қақтығыстар құрбандарының осал санаттарымен жұмыс жасайтын "Female engagement team" арнайы тобының құрамына кіреді.
2 / 15
Бүгінгі күні Қытайдың қарулы күштерінде қызмет ету жастар арасында жігіттер мен қыздар үшін артықшылық болып саналады. Әскери қызмет туралы заңға сәйкес 18 бен 22 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де мерзімді әскери қызметке жатады. Ал әскери қызмет мерзімі бірдей – екі жыл. Суретте: экскурсия жетекшісі болған әскери әйел Бейжіңде Қытайдың әскери жетістіктері туралы көрме ашуға дайындалып жатыр.
3 / 15
Бұл елдің басқалардан айырмашылығы – елдегі әйелдердің көпшілігі Израильдің қорғаныс күштерінде қызмет етеді. Израильде әйелдер де әскери міндетті болып табылады. Ер адамдар үшін әскери қызмет мерзімі 36 ай, ал әйелдер үшін 24 ай. Суретте: израильдік әскери әйелдер.
4 / 15
Үндістандағы ұлттық кадет корпусы 1948 жылы құрылды. Ұйым Үндістан жастары арасында қорғаныс министрлігінің қамқорлығымен әлеуметтік дағдылар мен көшбасшылық қабілеттерді дамыту үшін орта және колледж курсанттарын қабылдайды. Суретте: курсант әйел Үндістанның Секундерабад қаласында әскерилер мәдени шараға дайындалып жатыр.
5 / 15
Латвия қарулы күштерінің шеруінде тұрған қыз. Республика – НАТО-ға мүше бес елдің бірі, қарулы күштерде әйелдер саны көп.
6 / 15
Түрік құрлық әскерінің әйел офицерлері. Бұл ел әйелдерді әскери оқу орындарына 90-шы жылдардың басында шақыра бастады. Қазіргі уақытта бұл мүмкіндік айтарлықтай шектеулі, ал квота бес пайыздан аспайды.
7 / 15
Санкт-Петербургтегі Ұлы Петр әскери-теңіз институтындағы әйел курсанттар жаттығу кезінде. 2015 жылы университет қыздарды қабылдауды қайта бастады.
8 / 15
Бұған дейін Жапонияда жаяу әскер мен танк күштеріне, сондай-ақ барлау және десанттық бөлімдерге әйелдерді тартуға шектеу қойылған болатын. Алайда, 2017 жылы армиядағы әйелдер санын екі есеге көбейту туралы шешім қабылданды. Суретте: қыздар Жапониядағы өзін-өзі қорғау күштерінің шеруі кезінде.
9 / 15
"Аоста" итальян армиясының механикаландырылған бригадасының қыздары минометпен атудың есебін жүргізуде. Италияда армиядағы әйелдер саны тіпті ер адамдар санынан асып түсуі мүмкін.
10 / 15
2011 жылдың 4 тамызында Сеулдегі арнайы операциялар қолбасшылығының әскери базасындағы азаматтық оқу-жаттығу лагеріне барған қыздар. Лагерь 1 034 бейбіт тұрғынға, оның ішінде 271 әйелге арналған.
11 / 15
Капу-Мидия полигонындағы жаттығу кезінде Румыния мен АҚШ әйел сарбаздары.
12 / 15
Чилидің Сантьяго қаласындағы әскери әйел.
13 / 15
Вьетнамдағы әскери парад кезінде Вьетконг сарбаздарының киімін киген жауынгерлер.
14 / 15
Суретте Корей халық армиясының капитаны Чхве Ун-Чонг Пхеньяндағы Соғыс мұражайының алдында суретке түсті. КХДР-да ер адамдар үшін де, әйелдер үшін де міндетті әскери қызмет бар. Олар 17 жасқа толғаннан кейін әскер қатарына шақырылады.
15 / 15
Суретте Швеция армиясының әскери қызметкері Strong Europe танк сынағы кезінде снаряд алып жүр. Бұл елде әйелдер де мерзімді әскери қызмет атқарады. 2010 жылы жалпыға бірдей әскери қызметке шақыру алынып тасталды. Бірақ кейінірек қарулы күштер қатарын еріктілермен толықтыруда қиындықтар туындап, әскерге шақыру жүйесі 2017 жылы қайта іске қосылды.