Видео

Ауруханаға сиыр кіріп кетіп, жұрттың зәресін ұшырды – видео

Колумбиядағы ауруханалардың біріне сиыр кіріп кетті. Ол дәрігерлер мен науқастардың зәресін ұшырды
Sputnik

Оқиға Сан-Луис муниципалитетінің Сан-Рафаэль қаласында болған. Сиыр ауруханаға кіріп кетіп, адамдарды шошытты, деп хабарлайды RT.

Қашпақ болған әйелдердің бірі жерге құлады. Сиыр бұрышта қалып қойған әйелді сүзді. Бірақ бірнеше рет тайып кетіп, құлады. Ер адамдар сиырды далаға шығаруға әрекет жасады. Біраз уақыттан соң ол өзі ғимараттан шығып кетті.

Дәрігерлер әйелге көмек көрсетті. Оның жарақаты ауыр емес екені айтылып отыр.

Сиырдың аурухана маңында тұратын иесінен қашып кеткені анықталды. Фермер медициналық мекемеге келіп, кешірім сұраған. Зардап шеккен әйелдің жағдайы мен шығын мөлшерін біліп қайтты.