Бір бөлмелі пәтерде отбасымен тұратын ақтөбелік көпбалалы әке қарт әйелді қиын кезде үйіне кіргізді.
Өмір бойы қаладағы медициналық мекемелерде жұмыс істеген еңбек ардагері Людмила Шевченко немересін сегіз жасынан бастап тәрбиелегенін айтады. Ол ер жеткенде бизнес ашу үшін әжесін пәтерді сатуға көндірген. Кәсіп ойдағыдай болмай, Людмила жалдамалы пәтерде немересімен және оның әйелімен бірге тұруға мәжбүр болады.
Отбасында ақшаға байланысты жанжал жиілеген. Немересі әжесінің банк картасын алып, оның зейнетақысын жұмсап отырған. Картаны қайтару үшін Людмила учаскелік полиция қызметкерінің көмегіне жүгінеді.
2020 жылдың қарашасында кезекті жанжалдан кейін ол жиырма градус аязда далада қалады. Оны тәртіп сақшылары байқап қалып, полиция бекетіне жеткізген. Ол жерде зейнеткер капитан Сұлтанғалиевпен танысқан.
Ол әжейді үйіне алып келеді, ал отбасылық кеңесте зейнеткер олармен бірге тұратын болып шешіледі.