Өңірлер

Шымкент әкімі тікелей эфирде сөйлеп жатқанда жарық сөніп қалды – видео

Шымкент әкімі бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарлар туралы халыққа есеп берді
Sputnik

АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тікелей эфирде халыққа есеп беріп жатқан кезде жарық сөніп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкімнің есеп беру кездесуі қала әкімдігінің ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді. Кенеттен жарық өшіп қалған кезде Әйтенов әңгімесін үзбестен қоңырау шалған тұрғындардың сұрағына толық жауап берді. Ол 2 минуттан аса уақыт қараңғыда отырды.

Айта кетсек, қала әкімдігі екі сағатқа жуық созылған кездесудің трансляциясын толық өшіріп тастады. Бірақ желі қолданушылары әкімнің қараңғыда отырған сәтін сақтап үлгерген.

Еске салсақ, осы секілді оқыс оқиға жуырда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есеп беру кездесуінде болған еді. Тікелей эфир кезінде мінберге ілінген Елтаңба құлап кетті. Әкім сөзін тоқтатып, жанындағыларға "алсайшы ананы" деп, рәмізді көтеруді тапсырды. Содан кейін әрі қарай сұрақтарға жауап беруді жалғастырды.
ӨңірлерВидеоШымкент