Экономика

Энергетика министрлігі газ транзитінің тоқтатылуына байланысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстан облысындағы тұтынушыларды газбен жабдықтау үшін ресурстарды Орта Азия – Орталық магистральдік газ құбырымен жіберу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Орынбор облысында болған апаттан кейін Батыс Қазақстан облысын газбен жабдықтау Орта Азия – Орталық газ құбыры арқылы орындалады.

Ресей Федерациясының аумағындағы "Одақ" магистральдік газ құбырындағы жарылыс салдарынан Қазақстанға газ жөнелту тоқтатылды.

Қазақстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Ресей аумағындағы "Одақ" магистральдік газ құбырының 108-ші шақырымында құбырлар ажырап кеткен.

"Батыс Қазақстан облысындағы тұтынушыларды газбен жабдықтау үшін ресурстарды Орта Азия – Орталық магистральдік газ құбырымен жіберу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстандағы газ тасымалдау жүйесінің барлық нысандары штатты режимде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады республикадағы энергетика министрлігі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, құбырлардың ажырауы салдарынан Қазақстан аумағы арқылы өтетін "Одақ" және Орынбор – Новопсков магистральдік газ құбырлары бойынша газ жіберу тоқтатылды. Сәйкесінше ресейлік газ транзиті ммен Орынбор газ өңдеуші зауытынан Қарашығанақ газын жеткізу де тоқтады.

Қазір бұл жағдай Қазақстанның энергетика министрлігінің бақылауында.