АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Алматыда тауда әйелдің мәйіті табылды. Полицияның ақпаратына сәйкес, әйелдің кім екені анықталып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағында түр-келбеті еуропалық 40-45 жастағы белгісіз әйелдің денесі табылды. Оның жеке басы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп атап өтті Алматы полициясы.
Ақпарат әуелі әлеуметтік желіде пайда болды. Тұрғын әйелдің денесін таңғы жүгіру кезінде көріп, полицияға хабарлаған.
"Таңертең Алматы тауында әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған. Оқырмандарымыздың бірі таңертең жүгіріп жүргенде байқаған. Ол бірден 102 нөміріне хабарласты", - деп жазды Qumash Telegram арнасы.
Айта кетейік, Алматыда 2019 жылдың 9 қарашасында Әсел Панарғалиева есімді бойжеткен тауға жалғыз өзі шығып, жоғалып кетті. Оның денесі жарты жылдан кейін 31 мамырда Үлкен Алматы көлінің маңынан табылды.