НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Константин Брусенский (3-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.
Оқи отырыңыз: Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді – видео
Ол Ресейдің Новосибирск қаласында өткен бокс кешінде жергілікті боксшы Артем Ткаченкомен кездесті (5-0, 3 КО). Екінші аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта Ткаченконың жеңісімен аяқталды. Техникалық нокауттың видеосын төменде көруге болады.
Осылайша, Артем Ткаченко кәсіби карьерасындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді (төртеуін нокаутпен ұтты), ал Константин Брусенский алғашқы жеңілісіне ұшырады. 25 жастағы қазақстандық 2018 жылдың желтоқсан айында кәсіпқой боксқа келген болатын.