Өңірлер

Қазгидромет ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады

Синоптиктер сейсенбі күні елдің басым бөлігінде қар жауып, жел болатынын хабарлап отыр. Ауа райы құбылмалы
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Сейсенбі, 23 ақпан күні солтүстік-батыс пен солтүстікте қар жауады, боран, жел болады, деп хабарлады "Қазгидромет".

Оңтүстік-шығыста ғана жауын-шашынсыз. Кейбір өңірлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады.

Дабылды ескерту

Ақтөбе облысында - бұрқасын. Желдің екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында тұман түседі. Солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді.

Алматы облысында да тұман, жел жылдамдығы - 20 м/с.

Павлодар, Атырау облыстарында бұрқасын болады, екпіні 15-20 м/с шамасында. 

Ақмола, Қызылорда облыстарында қар, боран, тұман. Желдің екпіні 28 м/с-ке дейін жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Боран соғып, жел күшейеді. Жылдамдығы - 30 м/с. В

Қостанай облысында да дәл осындай ауа райы.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада қар жауады. Желдің жылдамдығы - 9-14 м/с. Түнде 22-24 градус суық, күндіз минус 3-5 градус.

Алматыда күн бұлтты. Түнде 1-3 градус салқын, күндіз 5-7 градус жылы.

Шымкентте күндіз плюс 6-8 градус, түнде 0- 2 градус жылы, жел жылдамдығы - 8-13 м/с.