Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда егде жастағы әйел аулада ойнап жүрген балаларға бас салды – видео

Кәмелетке толмаған үш бала аулада егде жастағы әйелдің алты жасар немересін ұрған, әжесі де олардың сазайын тартқызды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 63 жастағы әйел аулада ойнап жүрген үш баланы ұрып-соқты, деп хабарлайды елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл факті туралы полицияға 20 ақпанда астана тұрғыны хабар берген. Айтуынша, Бөгенбай батыр даңғылында үйдің ауласында бір әйел кәмелетке толмаған ұлы мен тағы екі баланы соққыға жықты.

Тәртіп сақшылары балаларды ұрған әйелді анықтады. Ол қаланың 63 жастағы тұрғыны екен. Айтуынша, үлкен балалар аулада 6 жасар немересін ұрғанын естігенде, ашуға ерік берген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"Әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша оған қатысты шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Қалалық полиция департаменті денсаулыққа зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті, сондай-ақ, ата-аналарға балалармен тәрбие жұмысын өткізуге кеңес берді.