НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Ақтау тұрғындары тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында үйлену тойын өткізді.
Әлеуметтік желіде мұндай тойды ешкім ешқашан өткізбегенін мәлімдеген ер адам түсірген той видеосы жарияланды, деп хабарлайды Lada.kz.
"Шараға қатысушылар түсініктеме толтырды. Материалдар Ақтау қаласы әкімдігінің жанынан құрылған мониторинг тобына жолданды", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Жергілікті құқық қорғау органдары отбасылық шараны назарға алып, тойдағы қонақтардың жеке тұлғасын анықтады. Бұл жөнінде Маңғыстау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.