Экономика

Қазақстандықтар онлайн аударымдар үшін салық төлей ме – министрлік түсініктемесі

Қаржы министрлігі қолданыстағы мобильді банктік қосымшалар қолма-қол ақшадан "қолма-қол емес" режимге өтуге серпін берді деп санайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Ақша аударымдарының фискализациясына қатысты қаржы министрлігінің түсініктемесінде бұл тек – бизнес жүргізетіндерге ғана қатысты екендігі айтылған.

"Қолданыстағы мобильді банктік қосымшалар қолма-қол ақшадан "қолма-қол емес" режимге өтуге серпін берді. Жеке тұлғалардың мұндай аударымдары әкімшілік жауапкершілікке жатпайды және салық салынбайды", – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство өкілдері банктердің жеке онлайн аударым сервисін қызмет көрсететін кәсіпкерлер де пайдаланатындығын атап өткен.

Табысқа салық салу ережесі – тап осы кәсіпкерлерге қатысты барлық мәліметтер қорытынды есеп беруде көрініс табатын болады.

"Шағын бизнес 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған. Бүгінгі таңда қабылданған шешімдердің бірі – сатылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін түсетін төлемдерді кәсіпкерлік қызметке арналған жеке шотта жүргізу болып табылады", – делінген хабарламада.

Министрлік сонымен қатар коммерциялық операцияларды дәл анықтай алатын тәуекелдерді басқару жүйесін дамытуды ұсынады.

Оқи отырыңыз: Kaspi bank клиенттердің шотынан ақша неліктен "жоғалғанын" түсіндірді

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үкіметке мобильді қосымшалар арқылы ақша аударымдарын алатын кәсіпкерлерге салық салуды толығымен жүзеге асыру міндеті жүктелген болатын.

Қазіргі кезде ірі қазақстандық банктердің бірінің клиенттері картаға бекітілген телефон нөмірі арқылы қолма-қол ақшасыз аударымдар жасайды. Аударымдар ешбір комиссиясыз жүзеге асырылады. Ал мұндай төлемдер жеке мақсаттар үшін де, такси, тамақ, шаш қию, көлік жуу және тағы басқа қызметтердің ақысы ретінде жүргізіледі.