НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия соңғы тәулікте COVID-19 және пневмониядан қайтыс болғандар туралы жаңа мәлімет жариялады.
20 ақпандағы жағдай бойынша 21 340 адам коронавирустан емделуді жалғастырып жатыр. Соңғы 24 сағаттың ішінде жеті адам инфекцияның құрбаны болды.
Пандемия басталғалы бері коронавирустан 2,5 мыңнан астам адам көз жұмды.
Бір тәулікте үш адам коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан қайтыс болды. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап барлығы 608 адам жан тапсырды.
Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты статистиканы жаңартты
Сонымен қатар, Қазақстанда 2020 жылдың 1 тамызынан бастап коронавирус пневмониясының 40 мыңнан астам жағдайы тіркелгені белгілі болды.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы:
- "қызыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ;
- "сары" аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары;
- "жасыл" аймақта – қалған барлық өңір.
Өңірлерде қай аймақта тұрғанына байланысты белгілі бір шектеулер енгізіледі.