Қоғам

Тоқаевтың баспасөз хатшысы ресми хабарлама таратты

Қасым-Жомарт Тоқаев Clubhouse платформасында тіркелмеген, деді президенттің баспасөз хатшысы. Мемлекет басшысы басқа да әлеуметтік желілерді қолданады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған аккаунттардың жалған екенін мәлімдеді.

"Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын", - деп жазды ол.

Берік Уәли мемлекет басшысының Твиттерде @TokayevKZ және Инстаграмда @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін ескертті.

"Сыйлық аласыз": Тоқаевтың атынан ұтыс өткізген

Clubhouse платформасында қолданушылар тек аудио хабарламалар арқылы сөйлесетіні белгілі, ал қазіргі уақытта әлеуметтік желіге шақырумен ғана тіркелуге болады. Clubhouse Қазнетте танымал болып келеді.