НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі Чумаков атындағы РҒА иммунобиологиялық препараттарды зерттеу және дамыту жөніндегі Федералды ғылыми орталықта жасалған COVID-19-ға қарсы "КовиВак" вакцинасын тіркеді.
Бұл туралы РИА Новости Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге сілтеме жасап хабарлайды.
Премьер-министрдің айтуынша, 120 мың дозаны құрайтын препараттың алғашқы партиясы наурыз айының ортасында азаматтық айналымға шығарылады.
Сондай-ақ, жобаны жүзеге асырушылар халықаралық нарыққа шығуды да көздеп отыр.
Бұл Ресейдегі Гамалея орталығының "Спутник V" және Роспотребнадзордың Векторлық орталығы шығарған "ЭпиВакКорона" вакцинасынан кейінгі үшінші вакцина.
"KовиВак" қандай препарат
"КовиВак" вакцинасы – тұтас вирионды. Мұндай дәрі-дәрмектерде ауруды асқындырмау үшін жасанды түрде әлсіреген вирустар немесе белсенді емес (инактивацияланбаған) вирустар қолданылады.
Қазақстандағы вакцинация қалай жүргізілуде
Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцина егу жалғасуда. Алғашқы кезеңде дәрігерлер Ресейде жасалған "Спутник V" вакцинасы егілуде. Одан кейін қазақстандықтарға Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығарылған "Спутник V" вакцинасы егіледі деп жоспарлануда.
Ал қазақстандық QazCovid-in вакцинасы клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінде.
Оқи отырыңыз: Бұрынғы денсаулық министрі Досқалиев COVID-ке қарсы вакцина туралы не дейді
Айта кетейік, жыл соңына дейін алты миллионға жуық қазақстандыққа вакцина егу жоспарланып отыр.