Видео

Ресейдегі қазақ ауылында жалғыз қалған тұрғын қалай өмір сүріп жатыр - видео

Рахметжан Құсайынов – Ресейдің Омбы облысындағы Дүйсетай ауылының жалғыз тұрғыны. Үй-жайы, қора-қопсысы қираған, тірі жан баласы қалмаған ауылға ол кездейсоқ тап болып, 12 жыл бұрын фермерлік шаруашылық ашуды шешкен
Sputnik

Кеңес одағы кезінде ауылда шамамен 60 отбасы тұрған. Басым бөлігі қазақтар болған. Кейінірек халық келешегі жоқ ауылдан жаппай көше бастайды. Үйлер қирап қалған. 2009 жылы қабырғасы бүтін қалған жалғыз үйді Рахметжан Құсайынов сатып алып, ауылға мал айдап кіргізген.

Бүгінде Құсайыновтың Дүйсетай ауылында фермасы бар. Шаруашлықта вахталық әдіспен бір сауыншы және екі бақташы жұмыс істейді. Олар Москаленск ауданын ет және сүтпен қамтамасыз етіп отыр. Толығырақ видеодан көре аласыздар.