Оқиға

Даниал Ахметов шкафтың есігін ашып жатқан кезде күтпеген жағдай болды – видео

Өңір басшысы Қайнар ауылына барып, жергілікті аурухананы аралады, мұндағы медициналық қызметтің сапасы әкімнің ашуын келтірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желіде ауыл ауруханасында болған оқиға туралы айтты.

Қайнарға жұмыс сапары барысында әкім жергілікті ауруханада болды. Ол медициналық мекемені аралау кезінде шкафтардың бірін ашып көргісі келеді. Осы кезде оның есігі жұлынып кеткен.  

"2500 тұрғынға қызмет ететін аурухананың күтімі мен қызмет сапасына тағылар сын көп. Дәрі сақталатын қарапайым жиһаздың есігі сынып жатыр, өкініштісі, мейірбикелер оны жасырып әлек. Науқастар жататын бөлмелерде су жоқ, есіктерінің тұтқасы түсіп, әрең ашылып, жабылады", - деп атап өтті Ахметов.

Ол бюджеттен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті құрал-жабдықтарды алуға қаражат бөлінетінін айтты.

"Ультра-дыбыстық зерттеу құрылғысы ескірген екен, тез арада жаңасын алып беруді тапсырдым. Денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ, перзентхана ашу жұмысын бастауы қажет", - деп түйіндеді өңір басшысы.

Назарбаев сөйлеп жатқанда қызық жағдай болды - видео

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халықпен кездесуі кезінде Қазақстанның елтаңбасы мінбеден құлап түскені хабарланған болатын.