Қоғам

Зейнетақы жинағын пайдалану: емделуге өтінім қабылдау мерзімі аталды

Емделу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ақша алуға өтініш беру механизмі баспана жағдайын жақсартуға берген өтінішпен бірдей болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан — Sputnik. Емделу үшін зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу порталы 25 ақпанда іске қосылады, деп хабарлады "Отбасы банкі" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

"Соңғы жаңашылдықтарға қатысты өзгеріс енгізу үшін 3 жұмыс күні қажет. Бастапқыда қосылған кейбір сырқат түрлері алынып тасталды. Қазір барлық механизмді реттеп жатырмыз. Бұл іс бірнеше кезеңнен тұрады. Өтініш беруші өз өтінішінің "Отбасы банкі" порталынан БЖЗҚ сайтына жіберіліуін екі күндей күтетін болады. Әдетте бұл бір жұмыс күні ішінде жасалады. БЖЗҚ бес күн ішінде ақшаны арнайы есепшотқа аударуы тиіс", – деді Ләззат Ибрагимова. 

18 ақпандағы жағдай бойынша "Отбасы банкінде" 160 мыңнан астам арнайы есепшот ашылған. 96 мыңнан астам қазақстандық баспанаға жұмсау мақсатында өтініш рәсімдеген. 

"Бағдарламаны күтіп отырған көптеген адамның медициналық картасында диагнозы бар. Ережеге сәйкес,  адам өтініш берген соң 5 күн ішінде дәрігерлер кеңесі жиналады. Кеңес өткеннен кейін екі күні ішінде комиссия хатшысы клиентке нақты жауап жеткізуі тиіс. Комиссия қорытындысы порталда клиент берген өтініш жанында бекітіледі", – деп түсіндірді банк басшысы.

Емделу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ақша алуға өтініш беру механизмі баспана жағдайын жақсартуға берген өтінішпен бірдей болады.

Қазақстандықтар шетелде емделе алады

Наурыз айының басында "Отбасы банк" шетелдік медициналық ұйымдармен жұмыс істеу мүмкіндігін қосу қарастырылатынын хабарлаған еді. Қазіргі уақытта ақша конвертизациялау мәселесі шешіліп жатр. Өйткені өтінім берушіге қаражат тек теңгемен түседі.