Экономика

Екі компания БЖЗҚ-мен зейнетақы жинағын сенімгерлік басқару туралы келісім жасасты

Қазіргі сәтте инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алған 18 басқарушы компанияның 6-уы бекітілген талаптарға сәйкес келеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Екі компания БЖЗҚ-мен зейнетақы жинағын сенімгерлік басқару туралы келісімшарт жасап үлгерді, деп хабарлады қордың сайты. Олар – "Halyk Global Markets" АҚ және "First Heartland Jysan Invest" АҚ.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, қазіргі сәтте инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алған 18 басқарушы компанияның 6-уы бекітілген талаптарға сәйкес келеді, атап айтқанда:

  • "First Heartland Jysan Invest" АҚ
  • "BCC Invest" АҚ – "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың еншілес ұйымы"
  •  "Halyk Global Markets" АҚ ("Қазақстан Халық Банкі" АҚ-тың ЕҰ)
  • "Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ" АҚ
  • "First Heartland Capital" АҚ
  • "Сентрас Секьюритиз" АҚ

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегіне сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинағы бар 829 368 адам зейнетақы жинағының бір бөлігін БЖЗҚ-ға жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беру құқығын пайдалана алады.

Тоқаевтың тапсырмасы толық орындалмады: депутат шенеуніктерді жазалауды ұсынды

"Зейнетақы жинағын жеке басқаруға беру БЖЗҚ салымшыларының өз жинақ ақшасын басқаруға деген мүдделілігін арттырып, қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарына институционалдық сұранысты ынталандырады және жалпы алғанда экономикаға оң әсер етеді", - деп есептейді қаржы реттеуші.