Фото

Андрей Мягков өмірден өтті: актердің сахнадағы және кинодағы өмірі - фото

Sputnik

Кеңес және ресейлік актер, халық әртісі Андрей Мягков өте көп рөл сомдаған.

Мягковтың алғашқы маңызды рөлі – Иван Пырьевтің "Братья Карамазовы" картинасындағы Алеша Карамазовтың рөлі.

Алайда, "Ирония судьбы, или С легким паром!" және "Служебный роман" фильмдеріндегі рөлдер актерге үлкен танымалдылық алып келді.

Андрей Мягков 1938 жылы Ленинградта дүниеге келген. Ол мектеп кезінен театрға қызыққан. 1965 жылы Мәскеудің көркем академиялық театрын тәмамдаған соң "Современник" театрына жұмысқа қабылданған.

Мягков түскен танымал кинотуындылардың қатарында "Гараж", "Гонки по вертикали", "Жестокий романс", "Дни Турбиных" сынды фильмдер бар.

Көрерменнің жүрегінен ерекше орын алған халық әртісінің құрметіне Sputnik Қазақстан суреттер топтамасын ұсынады. 

1 / 15
"Ирония судьбы" және "Служебный роман" фильмдерінің жұлдызы, театр және кино актері Андрей Мягков 83 жасқа қараған шағында бақилық болды.
2 / 15
Иван Пырьевтың "Братья Карамазовы" картинасындағы Алеша Карамазовтың рөлі Мягков сомдаған алғашқы маңызды рөл болды. Режиссер Пырьев "Мосфильм" киностудиясында түсірген бұл фильм 1968 жылы экранға шықты.
3 / 15
"Гроссмейстер" фильмінен кадр. Андрей Мягков –Сергей Хлебниковтың рөлінде. Режиссері - Сергей Микаэлян, "Ленфильм" киностудиясы, 1972 жыл.
4 / 15
1975 жылы Эльдар Рязановтың "Ирония судьбы, или С легким паром" фильмі көрерменге жол тартты. Мұнда актер Евгений Лукашиннің рөлін сомдады. Бұл фильм сол уақыттан бері Жаңа жыл мерекесі қарсаңында міндетті түрде теледидардан көрсетілетін кинотуындыға айналды. Суретте: Андрей Мягков пен Барбара Брыльска.
5 / 15
1977 жылы Мягков Эльдар Рязановтың кезекті шедеврі - "Служебный роман" фильмінде басты рөлді сомдады. Комедиялық сарындағы бұл кинотуынды да танымалдылыққа ие болып, көрермендердің сүйікті картинасына айналды.
6 / 15
Александр Островскийдің "Бесприданница" пьесасының желісі бойынша түсірілген "Жестокий романс" фильмінен кадр. Андрей Мягков Карандышев рөлінде. Режиссері – Эльдар Рязанов, 1984 жыл, "Мосфильм" киностудиясы.
7 / 15
Андрей Мягков пен Владимир Путин, 2013 жылдың 25 желтоқсанында Кремльде мемлекеттік наградаларды табыс ету сәті.
8 / 15
"Гараж" көркем фильміндегі актерлер Игорь Костолевский, Ия Саввина, Андрей Мягков пен Анастасия Вознесенская (солдан оңға қарай). "Мосфильм" киностудиясы, режиссері – Эльдар Рязанов.
9 / 15
Андрей Мягков өз үйінде "Олег Ефремовтың портреті" картинасын ұстап отыр.
10 / 15
Андрей Мягков "Перламутровая Зинаида" спектакліндегі Аладьин рөлін сомдап тұр, М.Горький атындағы Мәскеу көркем академиялық театры.
11 / 15
РФ Халық әртістері Анастасия Вознесенская мен Андрей Мягков режиссер Евгений Каменьковичтің "Белый кролик" спектаклінің соңғы көрінісінде.
12 / 15
РФ Халық әртісі Андрей Мягков режиссер Евгений Каменьковичтің "Белый кролик" спектаклінде Элвуд рөлінде.
13 / 15
А.П.Чеховтың "Дядя Ваня" пьесасы бойынша қойылған спектакльдегі көрініс. Елена Андреевна рөлінде – РКФСР еңбек сіңірген әртісі Анастасия Вертинская, Войницкий рөлінде - РКФСР еңбек сіңірген әртісі Андрей Мягков. М.Горький атындағы Мәскеу көркем академиялық театры.
14 / 15
А.П.Чеховтың "Дядя Ваня" пьесасы бойынша қойылған спектакльдегі көрініс. Войницкий рөлінде - РКФСР еңбек сіңірген әртісі Андрей Мягков.
15 / 15
"Современник" және МКАТ әртісі, кино актері Андрей Мягков жұбайы Анастасия Вознесенскаямен бірге көпжылдық еңбегі үшін сахна ардагерлерін Мәскеу көркем театрында (МКТ) алтын және күміс "шағалалармен" марапаттау сәтінде.