НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан — Sputnik. Нұр-Сұлтанда зейнеткерді тонап кетті, деп хабарлайды астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бейсеков көшесінде 30 жастағы ер адам жол бойында 78 жастағы зейнеткерден қайда түстенуге болатынын сұраған. Қария жолды нұсқап түсіндіргеннен кейін, жұдырықпен бір ұрады.
Күдікті жәбірленушінің қолындағы ақша, құжаттар және екі телефон бар сөмкені тартып алған. Қарақшы құжаттарды гараждардың жанына лақтырып, ақша мен телефонды өзімен бірге ала кеткен.
Полиция заңбұзушыны қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оның бұған дейін қылмыстық жауапкершіліке тартылғаны анықталды.
Іс қылмыстық кодекстің 191-бабы ("тонау") бойынша қаралады.
Осы бап бойынша қылмыскер ірі көлемде айыппұл төлеуі, мың сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.