Қоғам

Сағынтаевқа мұңын шаққан бойжеткен жылап жіберді - әкім мәселені сол мезетте шешті

Алматы әкімі қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевқа шұғыл тапсырма берді
Sputnik

АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есеп беру кездесуіне Zoom платформасы арқылы қала тұрғыны жылап хабарласты.

Бойжеткен анасын ауруханаға жатқыза алмай жүргенін айтып, көмек сұрады.

"Апамның инсульт алғанына бір жарым жыл болды. Ол кісіге тұрақты түрде ем алу керек. Медицинаны мүлде түсінбедім. Мен ол кісіні жылына екі рет қалай жатқыза аламын? Емханалар қабылдамайды. Ауруханаға, стационарға жатқызуға көмек көрсетсеңіз", – деді қала тұрғыны.

Соған байланысты қала әкімі қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевқа тапсырма берді.

"Операторларда қала тұрғының нөмірі бар шығар. Жатқызу қажет болса, бүгін ауруханаға жатқызу мәселесін шешіңіз", – деп тапсырды қала әкімі.

Табынбаев бұл сұрақтың шешілетінін айтты.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаевтың Алматы диалогы 2.0 есептік кездесуі онлайн форматта өтуде.

Қала әкіміне сауалдарды 1308 бірыңғай желісі арқылы жолдауға болады.

Оқи отырыңыз: Өтпеген шараға 63 миллион теңге жұмсалды: Сағынтаев себебін түсіндірді

Сонымен қатар сұрақтарды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жіберуге немесе есеп беру кездесуінің әлеуметтік желілердегі трансляцияның төменгі жағына қалдыруға болады.