Қоғам

Белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден озды

Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас жігер", "Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды
Sputnik

АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Белгілі журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Қаралы хабарды Qazaqstan ұлттық арнасы жеткізді.

"Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті", - делінген ақпаратта.

Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Діңгек ауылында дүниеге келген. 1977 жылы ҚазМУ-ды бітірген.

Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы секілді қызметтер атқарды.

Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас жігер", "Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.

2006-2007 жылдары "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары "Қазақстан РТРК" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болды.

Нұртілеу Иманғалиұлы Ақсу ауданының құрметті азаматы. 2010 жылы Елбасы жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.