Қоғам

"Менің әлемімнен тыс қалғысы келеді": Мақпал Исабекова күйеуіне қатысты деректі бөлісті

Әнші өзінің сүйіктісі тұйық адам екенін және әлеуметтік желіде көпшілікке ашық еместігін атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова өзінің тұрмыс құруымен құттықтағаны үшін жанкүйерлеріне алғысын білдірді. 

Бұған дейін ол Instagram парақшасында оған үйлену туралы ұсыныс жасалғанын жариялап, сақиналы саусағының суретін жариялаған болатын.

"Құттықтауларыңыз үшін барлығыңызға көп рақмет. Маған көптеген құттықтаулар мен жылы сөздер, ізгі тілектер келіп жатыр. Бұл өте тәтті, әсерлі", – деді желідегі жазбасында.

Исабекова өзінің таңдауы кімге түскеніне қатысты сұрақтар көпшілік қауымнан жиі қойылып жатқанын және оны жасырып жүргеніне жұрттың неге таңғалатынын айтты. 

"Мен сіздердің түсінушілік танытатын ақ адал қарым-қатынастарыңыздан үміттенемін. Себебі менің күйеуім көпшілікке ашық емес. Ол менің Instagram желісіндегі әлемімнен мүмкіндігінше тыс қалғысы келеді. Оның пікірі мен қалауына құрметпен қараймын және өзінің еркінен тыс нәрсе жасауға мәжбүр етуге құқым жоқ", – деді Исабекова.

Оқи отырыңыз: "Мақпал мені сыйламады". Сәкен Майғазиев бағдарламадан неге кетіп қалғанын түсіндірді

Айта кетейік, Мақпал Исабекова – 1984 жылы туған қазақстандық эстрада әншісі. SuperStar KZ жобасына қатысқан және "Жаңа толқын–2005" байқауында көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алған.