Экономика

Қазақстан Ресейдің 4 өңірінен шошқа етін әкелуге қайта рұқсат берді

Бұл елден шошқа етін Қазақстан аумағына алып кіруге 2020 жылдың желтоқсанынан бастап тыйым салынған болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. Қазақстан Ресейдің төрт аймағынан шошқа еті және шошқа еті өнімдерін ел аумағына алып келуге және транзиттеуге уақытша шектеулерді алып тастады, деп хабарлады Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау жөніндегі федералдық агенттігінің баспасөз қызметі.

"Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау жөніндегі федералдық агенттігі мен Қазақстан Республикасының құзыретті ведомствосы арасындағы келіссөздер нәтижесінде шошқа еті мен шошқа еті өнімдерін Алтай республикасынан, Қорған, Новосибирск облыстарынан, Алтайдан өлкесінен Қазақстанға әкелуге және осы елдің аумағы арқылы транзитіне уақытша шектеулерді алып тастады. Тыйым 2020 жылдың желтоқсанынан бастап күшіне енген болатын. Ол Ресей Федерациясындағы африкалық шошқа тұмауына байланысты жағымсыз эпизоотикалық жағдаймен байланысты болды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Саратов облысы арқылы үшінші елдердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерінің жағымды жағдайдағы аумақтарынан шошқа еті өнімдерінің транзитіне қойылған шектеу де жойылды. Тыйым салу шарасы африкалық шошқа обыры (АШО) ауруының тіркелуіне байланысты күшіне енген болатын.

Алайда, Ресейдің жоғарыда аталған аймақтарынан тірі жануарларды Қазақстанға әкелу мен транзиттеуге уақытша шектеулер сақталады.

Тюмень, Челябі және Астрахань облыстарынан шошқа еті, шошқа еті өнімдерін, тірі шошқаларды Қазақстанға алып кіруге қатысты тыйым сол қалпында қалады. Бұл субъектілерде соңғы 36 айда АШО ошақтары тіркелмеген. Негізінде, ЕАЭО заңнамасы, сондай-ақ халықаралық заңнамалар бұл жағдайда шектеу шараларын жоюды қарастырады.

Сонымен қатар, ресейлік құзырлы федералдық агенттік ауру ошақтарының жоқ екені туралы ақпарат ұсынуына қарамастан, құс тұмауы, Ньюкасл ауруы, қой мен ешкі шешегі тіркелген Ресейдің бірқатар облыстарынан Қазақстанға мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге уақытша шектеулер енгізілді.

"Қалыптасқан жағдайға байланысты қазақстандық тараппен, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия алаңындағы диалогтар жалғасуда", - деп атап өтті Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау жөніндегі федералдық агенттігінде.

Ресейлік ведомствода атап өткендей, ветеринариялық бақылау саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы қамтамасыз етілген ЕАЭО аумағында мал шаруашылығы өнімдерін саудалаудың бірыңғай қадағалау жүйесі туындаған мәселелерді шешуге ықпал ете алар еді.

"Алайда, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) ЕАЭО ақпараттық жүйелерінің интеграциясына қатысты әдіс-тәсілдері мұндай бірыңғай жүйені қабылдауға кедергі келтіріп отыр. Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында ветеринариялық ілеспе құжаттардың электронды түрде өзара алмасуын қамтамасыз ету аясындағы жұмыстарды орындау мерзімдері 2015 жылы белгіленгенмен, осы уақытқа дейін бұл жұмыс аяқталған жоқ", - деп жазылған хабарламада.