Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак жобаның дайындығына осындай баға берді.
Вице-премьердің пікірінше, газ құбырының жобасы қалай болғанда да іске асырылады. Себебі, жобаға қатысушылар осыны көздеп отыр.
"Солтүстік ағын – 2" жобасы Балтық теңізі арқылы Ресейден Германияға газ құбырының екі тармағын салуды қарастырады. Тармақтардың жалпы қуаты жылына 55 миллиард текше метр газ деңгейінде бағаланып отыр. Жобаға ресейлік "Газпром" мен бірқатар еуропалық компаниялар қатысып отыр.
АҚШ "Солтүтік ағын – 2" жобасына қарсы шығуда. Новак Вашингтонның газ құбырының құрылысына кедергі келтіруіне не себеп екенін түсіндірді. Бұл жайлы біздің видеодан көріңіз.