Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңында түсірілген видео қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырды

Тәртіп бұзушылар құрылыс алаңында техника қауіпсіздігін сақтамау, сондай-ақ жануарларға қатыгездік таныту бойынша жауапқа тартылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Елордадағы құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшылар тірі сиырды мұнаралы кранмен көтерді. Желіде жарияланған видео қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырды.

Видеороликтің авторлары малды сою үшін осындай биіктікке көтерген деген жорамал жасады. Нұр-Сұлтан полиция департаменті бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін құқықтық баға беріледі. Тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз қызметі.