Қоғам

Әнші Мақпал Исабековаға сүйіктісі ұсыныс жасады – фото

Әлеуметтік желіде әншіні әріптетері мен оқырмандары құттықтап жатыр. Арасында әнші Алтынай Жорабаева, Мәдина Сәдуақасова, Аша Матай, продюсер Алуа Қонарова және басқалары бар
Sputnik

АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстандық әнші Мақпал Исабековаға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында сурет жариялап, қалыңдық атанғанын жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сүйемін! Сүйіктімін! Бақыттымын! Бүгін ең сүйікті ер адамның қалыңдығы атандым", - деп жазды Исабекова.

Алайда Мақпал Исабекова кімге тұрмысқа шыққалы жатқанын айтпады.

Әлеуметтік желіде әншіні әріптестері мен оқырмандары құттықтап жатыр. Оның арасында әнші Алтынай Жорабаева, Мәдина Сәдуақасова, Аша Матай, продюсер Алуа Қонарова және басқалары бар.

"Бақыттарың баянды болсын, Мақпал. Алла бір жастықта үбірлі-шүбірлі болып қартаюды нәсіп етсін", - деп жазды Жорабаева.

Ал Алуа Қонарова Исабекованың ең жақсы ер адамға лайық екенін айтып, бақыт тіледі.

Айта кетейік, Мақпал Исабекова 1984 жылы Алматы облысы Жаркентте суретші мен психологтың отбасында дүниеге келді. SuperStarKZ жобасына қатысқаннан кейін халыққа таныла бастады. 2004 жылы "Тарлан" сыйлығының лауреаты атанды.