Өңірлер

Шымкентте үйінен шығып, қайтып оралмаған қыз табылды

Қыздың анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпағаннан кейін полиция қызметкерлеріне көмек сұрап барған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Шымкент қаласының полицейлері үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған кішкентай қызды тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

Еңбекші АПБ-не 13 ақпан күні кешке жергілікті тұрғын арызданып келген. Әйел кешкі сағат 20:00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін жеткізген.

Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден жауап алып, халық көп шоғырланған аймақтарда сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қалалық полиция басқармаларына бағытнамалар жіберілді.

Отағасы ұйықтап жатқан: Терезеден қарап отырған әйел қызынан көз жазып қалды

Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Соның нәтижесінде 2-3 сағат көлемінде қыздың жүрген жері анықталды.

Қазіргі таңда кішкентай қыз анасына аман-есен табысталды.

"Қызым белгісіз себептермен үйден шығып кеткен болатын. Өзім іздестіріп таба алмаған соң полиция қызметкелерінен көмек сұрадым. Шымкенттік полицейлер жедел іздестіріп, қызымды тауып берді. Шымкенттік полицейлерге алғысымды айтамын", – деп қыздың анасы ризашылығын білдірді.