Қоғам

Әулие Валентин күні: Тоқаев не деді

Тоқаев осыдан 4 жыл бұрын сенат төрағасы болған кезде мерекеге қатысты ойын білдірген. Президенттің баспасөз хатшысы сол жазбаны бөлісті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев Әулие Валентин күні туралы қандай пікірде екенін жазды.

"Әулие Валентин күні Батыстан келген, еліміздің болмысына және салт-дәстүріне мүлдем қарсы ұғым. Жастарымыз оны түсінуі керек", - деген Тоқаев осыдан 4 жыл бұрын.

Ол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы болған еді.

Валентин күні, әулие Валентин күні немесе ғашықтар күні - 14 ақпанда әлемнің көптеген елдерінде тойланатын мереке.

Кейбір деректерде Әулие Валентин күні Батыс Еуропа ХІІІ ғасырдан бері, АҚШ 1777 жылдан бастап атап өтілетіні жазылған. Ол 90-шы жылдардың басында Қазақстанға және ТМД елдеріне жетті. Алайда мерекенің шығу тарихына қатысты дау тоқтар емес. 

Айта кетсек, Қазақстанда ғашықтар күні 15 сәуірде тойланады. Мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы мен Баян күнін атап өтуді алғаш 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған болатын.