НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Қазір ешкім үй телефонын пайдаланбайды, соған қарамастан одан біржола бас тартуға болмайды. Бұл туралы Прайм порталына B&C Agency коммуникация агенттігінің басқарушы серіктесі Марк Шерман айтты.
"Үйде әрқашан қосалқы байланыс құралуы болуы керек, оның жалғыз себебі бар – ұялы телефон кез келген уақытта істен шығуы мүмкін немесе қуаты бітіп қалады", - дейді сарапшы.
Ұялы байланыс қандай да бір себептермен жарамсыз болып қалғанда стационарлық телефон көмектеседі. Әсіресе бұл шұғыл қызметтерге қоңырау шалуға өте қажет болады.
Оқи отырыңыз: Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет – дәрігер кеңесі
Екінші жағынан, қазір үй нөмірін сұрайтындар аз, ұялы байланысқа толығымен ауысқысы келмейтіндер ғана стационарлық телефонды ұстап отыр. Уақыт өте келе олар толығымен жойылады, деп түйіндеді Шерман.