Фото

Рио карнавалының шаң басқан декорациясы – фото

Sputnik

Пандемия әлем бойынша қалыптасқан тәртіп пен дағдыны бастан-аяқ өзгеріске ұшыратты. Өткен жылы Токиодағы Олимпиада ойындары кейінге қалдырылды. Коронавирустқ инфекцияның салдарынан әлемдік деңгейдегі көптеген спорттық және мәдени шараларға тоқтау салынды.

Бірқатар елде жүріп жатқан вакциналауға қарамастан, ұжымдық иммунитет әлі де қол жетпестей көрініп тұр. Биылғы жылы Рио-де-Жанейродағы карнавалдың өтпеуіне де дәл осы себеп түрткі болды.

Қала мэрі Едуарду Паис Twitter желісіндегі парақшасында Риодағы карнавалдың экономика, мәдениет пен туризм саласы үшін қаншалықты маңызды екенін ескергенмен, осы жылы өтпейтінін хабарлады.

Бразилия бүгінде коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша әлемде екінші орында тұрған мемлекет. Мұнда 23 мыңнан астам азамат коронавирус құрбаны болды.

Қала басшысы өз постында 2022 жылы вакцина салдырғандардың барлығы карнавалды бүкіл сән-салтанатымен атап өтетінін жеткізді.

Бразилиядағы карнавал үш ғасырдан бері жалғасып келе жатқан шара. Көшедегі алғашқы шерулер XVIII ғасырда өткені белгілі.

Егер, ХІХ ғасырдың басында полька биі карнавалдағы басты би болып саналса, 1917 жылдан бері карнавалдық шеру кезінде самбо биін билеу өзгермес дәстүрге айналған.

1 / 10
Рио-де-Жанейродағы Unidos de Bangu самбо биі мектебінің шеберханасында карнавалдық шерудегі жылжымалы платформаларды сәндеуге арналған элементтер шаң басып жатыр. Биылғы жылы дәстүрлі карнавал пандемия салдарынан келесі жылға дейін кейінге қалдырылды.
2 / 10
Карнавал шеруі үшін әзірленген мүсін Рио-де-Жанейродағы шеберхананың "төбесінен қарап тұр".
3 / 10
Карнавалдың кейінге шегерілуіне байланысты Рио-де-Жанейродағы алып платформаларға арналған декорацияны әзірлейтін шеберханалар мүсіндерді аяқсыз қалдыруға мәжбүр.
4 / 10
Дәстүр бойынша карнавал шеруіне арналған платформалар тек адам қолымен басқарылады. Карнавалдың өтпеуіне байланысты платформалардың құрылысы да аяқсыз қалды.
5 / 10
Арнайы құрастырылған Самбадромда тарихи, аңыз және ертегі кейіпкерлерінің алып бастары мен мүсіндері платформаларға қойылуы тиіс еді.
6 / 10
Дәстүрге сәйкес, Рио-де-Жанейродағы жоғарғы лига самбосының 12 мектебі бір тақырып бойынша бірнеше жылжымалы платформаны шеруге шығаруы тиіс. Әр платформада кемінде 30 адам билейді. Ал, Самбадром арқылы әр мектептен карнавал күні бірнеше мың адам жүріп өтетін.
7 / 10
2020 жылы Рио-де-Жанейроның Unidos de Bangu самбо мектебі Бразилиядағы Африка диаспорасының тарихын карнавалдағы шеру тақырыбы ретінде таңдаған.
8 / 10
Unidos de Bangu самбо мектебі Рио-де-Жанейродағы аттас ауданда 1937 жылы құрылған болатын. Ол самбо мектебінің екінші дивизионында өнер көрсететініне қарамастан, карнавалда екі рет жеңіске жеткен.
9 / 10
Unidos de Bangu мектебі жылжымалы платформаларды рәсімдеу бойынша көбіне өз ауданының тарихынан сыр шертеді.
10 / 10
Карнавалға ерекше сән беретін бұл қызыл түсті жылқылар да ауқымды шараның кейінге қалдырылуына байланысты шаң жұтуға мәжбүр.