НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Елбасының баспасөз қызметі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан бірер жыл бұрын айтқан сөзін жариялады.
"Спортпен шұғылдану арқылы жеңіске ұмтылыс, күш-қайрат, алға қойған мақсатқа жетуге талпыныс сияқты маңызды қасиеттер жетіледі. Спорт дегеніміз – денсаулық, рухтың күштілігі, отансүйгіштік. Мен жастарымызды дене шынықтырумен және спортпен көбірек шұғылдануға шақырамын", - деген болатын Елбасы Қазақстанның олимпиадалық құрамасы мүшелерімен кездесуде.
Оқи отырыңыз: Назарбаев сымбатты болу үшін не істеу керектігін айтты - видео
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев диетаға деген көзқарасын білдірген еді.
"Менің қағидам – ағзаға қажетті асты жеу керек. Адам өзіне қарауы тиіс, біз дені сау ұлт болуымыз керек. Жастарымыз осыған ұмтылатынын білемін. Өз басым ешқандай диета ұстанбаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.