НҰР-СұЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Қазақстандықтар 350 миллиард теңгеге жуық соманы мерзімінен бұрын алды, деп хабарлайды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі.
10 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға "Отбасы банк" пен "Қазақстанның Халық банкі" (операторлар) арқылы 104 076 өтініш түскен. Зейнетақы қорында жеткіліктілік шегі бар азаматтар баспана жағдайын жақсартпақ.
Осы өтініштердің 6,8-і өңделіп жатыр. Операторлар шотына 36,8 миллиард теңге жіберіледі.
32,8 мың өтініш заңнама талабына сай келмегендіктен, қарастырылмайды.
Жалпы сомасы 350 миллиард теңгеге 64,3 мың өтініш мақұлданды. Төлемнің орташа сомасы - 5,4 миллион теңге.
Өтініш саны бойынша әлі де Алматы (20,6%), Нұр-Сұлтан қалалары (16,7%) мен Маңғыстау облысы (14,6%) алда.
Тағы оқыңыз: Зейнетақы жинағына өтінім қабылдау: жұртты мазалаған 10 сұрақ жауабы