Қоғам

Желіде қызу талқыланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді

Қазіргі уақытта университеттер академиялық еркіндікке ие. Сондықтан мұндай мәселелерді дербес, университет деңгейінде шешетін мүмкіндігі бар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанның жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні болмайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Тақыр Балықбаев.

"Дене шынықтыру" пәні мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан алынып тасталуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні мұндай бұйрық жоқ және бұл мәселе нақты талқыланып жатқан жоқ. Әрине, сарапшылар мен оқытушылар тарапынан мықты шешімдер, ал кейде тіпті қисынға келмейтін ұсыныстар түсіп отырады", - деді ол.

Балықбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта университеттер академиялық еркіндікке ие. Сондықтан мұндай мәселелерді дербес, университет деңгейінде шешетін мүмкіндігі бар.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде бұл мәселе қызу талқыланған болатын. Тұрғындар мұндай шешімге қарсы шықты.