НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Жаңа Зеландияда отырысқа галстуксыз келген депутатты парламенттен қуып жіберді.
New Zealand Herald хабарлауынша, парламентарий галстуктың орнына жасыл тастан жасалған дәстүрлі "хей-тики" әшекейін таққан. Ол сауал қоймақ болған кезде палата спикері Тревор Маллард тек галстук таққан депутаттар ғана сұрақ қоя алатынын айтты.
Бірнеше рет тырысқан соң Вайтитиді залдан шығарып жіберді. Ол "бар мәселе галстукта емес, мәдени айырмашылықта" деп жауап қайырды. Оның айтуынша, ол маори халқының іскерлік костюмін киген. Сондықтан палата спикерінің мұндай әрекет жасауына еш негіз болмады.
Вайтити өткен жылы да дәл осындай жағдайға тап болған еді. Ол жолы галстуктан бас тартқаны үшін парламенттен қуылатыны хабарланды.
Маори халқы кезінде Жаңа Зеландия тұрғындарының басым бөлігін құрады. Олар жауынгерлік мінезімен ерекшеленді.