Қоғам

Президент Түймебаевты қызметінен босатты

Бұған дейін Жансейіт Түймебаев Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры қызметіне тағайындалғаны хабарланды
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Президент өкімімен Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда жариялаған құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін Жансейіт Түймебаев Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры қызметіне тағайындалғаны хабарланды.

Жансейіт Түймебаев 1958 жылы Түркістан облысында туған. 1980 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филолог мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген.