Фото

Әлемдегі ең үздік шағын қалалар рейтингі – фото

Sputnik

Small Cities Index – бұл табиғаты және туристік көркем орындарымен мақтана алатын, өркениет пен дамудан кейін қалып қоймаған шағын қалалар рейтингі.

Рейтингті ұйымдастырушылардың пікірінше, оның басты идеясы - қалалардың фотосуреттеріне қараған кезде мегаполистердегі жайлылықтан бас тартпай-ақ, кішкентай қалаларға көшуге ой тастайтындай шағын шаһарларды таныстыру.

Яғни, жоғары деңгейдегі көлік қатынасы, бизнеске арналған мүмкіндіктер, қонақжайлылық мәдениеті мен тамаша табиғаттың қолжетімді болуы сөз болып отыр.

Оқи отырыңыз: "Алтын қима": сұлулық қалай өлшенетінін білесіз бе – фото

Өткен жылы қала тұрғындарының қандай мәселелерге басымдық беретінін көрсетті. Әлем өзгерді, бірақ қаладағы өмір сапасын жақсартатын аспектілер өзгеріссіз қалды. Сондықтан, рейтинг авторлары адамдар өз өмірін асыра бағалайтын қазіргі уақытта бұл индекс аса маңызды деп санайды.

Осы рейтингке қай қалалар кіргенін фотосуреттер топтамасынан тамашалаңыз.

1 / 10
Рамос Пинто көшесінің көрінісі. Көшеге атау берген танымал португалдық шарап шығаратын кәсіпорынның тарихы 140 жылды қамтиды. Көлемі бойынша Португалиядағы екінші қала - Портоға бара қалсаңыз, портвейннің дәмін татып, шарап қоймаларын аралау туристік бағдарламада міндетті түрде қарастырылатынын ескеріңіз.
2 / 10
Оңтүстік Тиролдағы италиялық Трентино-Альто-Адидже автономиялық облысында орналасқан Больцано қалашығының халқы жүз мыңнан сәл асады. Бұл біздің заманымызға дейінгі 15-ші жылы қаланған көне римдік күзет орнының аумағында бой көтерген көне қала.
3 / 10
Жапонияның ең үздік мұз жағалауы мен күннің батуын тамашалайтын ең үздік орын саналатын Итосимадағы Сакураи Футамигаура жағажайында "ерлі-зайыпты" қос алып жартас "Симэнава" арқанымен байланып тұр. Сондай-ақ, теңіз жағасындағы тории қақпалары да бұл көрініске ерекше сән беріп тұр.
4 / 10
Швейцарияның Люцерн қаласындағы шіркеу-көпір – Еуропадағы ең көне жабық көпір. Ол Ройс өзенін тігінен емес, қиғашынан бөліп тұр.
5 / 10
Бұл - 1299 жылға дейін Норвегия астанасы болған Бергендегі ортағасырлық жағалау, ол ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы нысандарының бірі
6 / 10
Ольборг қаласының тарихы бірнеше мың жыл бұрын басталған. Бастапқыда бұл Лим-фьорағы сауда орны болған. Орта ғасырда Ольборг өркендеп, Даниядағы ең ірі қалалардың біріне айналды. Халқы жүз мыңнан сәл асатын бұл қала бүгінде индустриялық шаһардан инновациялық орталыққа бет түзеп жатыр.
7 / 10
Бұл біздің заманымызға дейінгі 15-ші жылы Аугуст көне римдік түрмесіне арнап салынған Basilea римдік бекінісінің орнында пайда болған қала. Ең алғаш рет біздің заманымыздағы ІІІ ғасырда Basileam applicuerunt ретінде жазбаларда кездескен. Рейн өзені қала мен оның тарихи орталығын екі бөлікке бөліп тұр: сол жағалаудағы үлкен Базель және оң жақ беттегі Кіші Базель. Үлкен Базельде қызыл құмнан салынған роман-готикалық шіркеу бар.
8 / 10
Виктория Канададағы "британдық" қала болып саналады. Шаһардың бұлай сипатталуына елдегі климаты жылы қалаға зейнетке шыққан ағылшындардың көптеп қоныстануы себепші болған. Қалада қос қабатты қызыл автобустар қатынайды, ал орталықта ағылшын стиліндегі дүкендер мен сыра ішу орындары бар. Виктория "Императрица" көне қонақ үйі орналасқан гүлге көмкерілген жағалауымен танымал. Бұл қонақ үйде келушілерге күн сайын кешкі сағат бесте тәтті тоқаштармен бірге дәстүрлі ағылшын шайы беріледі.
9 / 10
1425 жылдан 1797 жылға дейін жұмыс істеп тұрған Левен униерситеті XVI ғасырға дейін Еуропадағы ең үздік оқу орны саналды. Левен – Белгиядағы университет орталықтарының бірі, Фламанд Брабант провинциясының бас қаласы.
10 / 10
Лозанна әлемдегі "Олимпиада астанасы" деген атауға ие. Мұнда Халықаралық олимпиада комитетінің және көптеген халықаралық спорт федерацияларының штаб-пәтерлері орналасқан. Сондай-ақ, Спорт арбитраж соты мен Швейцарияның жоғарғы соты бар. Ситэ белесінде Сен-Мер ортағасырлық қамалы мен Нотр-Дам готикалық шіркеуі орналасқан. Сонымен қатар, қаланың төменгі жағында әулие Франциск шіркеуі, ал Палю алаңында көне ратуша бар.