Қала әкімінің халықпен кездесуі сағат 10:00-ден бастап Нұр-Сұлтан әкімдігінің YouTube және Facebook-тегі ресми аккаунттарынан көрсетіліп жатыр.
Іс-шараға қатысып, қала басшысына сұрақ қойғысы келетіндер тіркеу сілтемесіне өтіп, одан әрі нұсқауларды орындауы керек.
Мұндай кездесу жыл сайын өткізіледі, елорда басшысы өткен жыл үшін халық алдында есеп береді, сондай-ақ алдағы жоспарлар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейді.