Видео

Лавров Ресей мен Еуроодақ қарым-қатынасының одан әрі нашарлауы қауіпті екенін ескертті

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде Еуроодақтың бас дипломаты Жозеп Боррельмен кездесіп, ЕО мен Ресейдің қарым-қатынасы туралы айтты  
Sputnik

Келіссөздер қорытындысы бойынша Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы екі тараптың да диалогты жалғастыруға мүдделі екенін білдіргенін мәлімдеді, сонымен бірге қарым-қатынастың одан әрі нашарлауы келеңсіз және болжап болмайтын салдарларға алып келетінін атап өтті.

"Екі тарап та диалог арналарын сақтауға және кеңейтуге, соның ішінде біздің ұстанымдарымыз бір-біріне қайшы келетін мәселелерге мүдделі екенін растады. Мұндай мәселелер өте көп. Біз екі жаққа да қызықты әрі пайдалы болатындай прагматикалық ынтымақтастық орнатуға дайын екенімізді атап өттік", - деді Лавров.

"Біздің байланысымыздың одан әрі нашарлауы келеңсіз және күтпеген салдарларға алып келеді деген ортақ пікірге келдік", - деп толықтырды сыртқы істер министрі.