Спорт

Геннадий Головкин әуесқой бокста өзіне кімдер қарсы болғанын айтты – видео

Әлем чемпионы халықаралық турнирлерде өз елінің министрлігі ғана емес, барлық төреші қарсы болғанын мәлімдеді
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әуесқой боксшы ретінде алаңға шыққан күндерін еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Мені ешкім қолдамаған кезде, халықаралық жекпе-жектер мен турнирлерде ешқандай көмексіз, қандай да бір байланыссыз жеңіске жеттім. Ол кезде маған өзімнің министрлігім ғана емес, барлық төреші қарсы болды. Сол себепті менің әуесқой карьерамды қалай атаса да лайық деп есептеймін ", - деді Головкин DAZN-ге берген сұқбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2004 жылы олимпиадада күміс жүлдегер атанды. 2003 жылы әлем чемпионатын, 2004 жылы Азия чемпионатын, 2002 жылы Азия ойындарын жеңді. 2002, 2005 жылдары Әлем кубогында "күміс" және "қола" иеленді.

"Канело" Головкинмен 2021 жылдың мамыр айында жекпе-жек өткізуге келісті

Головкин 2006 жылы кәсіби карьерасын бастады. Осы жылы рингте орта салмақта (72 келіге дейін) өнер көрсетті.