Әлем

Өзбекстан президентінің қызы отбасында болған қызық оқиғаны еске алды

Ол келін болып келген кезде алғаш рет тамақ пісіргенін еске алды. Cаида тағамның рецептісін анасынан біліп алған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан — Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Facebook-те сурет жариялап, тұрмысқа шыққан кезде күйеуінің отбасында болған жағдай туралы айтып берді.

Ол келін болып келген кезде алғаш рет тамақ пісіргенін еске алды.

"Тұрмысқа шықпас бұрын мен тек бір тағам - чузма лагман пісіруді ғана білдім. Ұятқа қалмау үшін анамнан лагман рецептісін біліп алдым. Анам бәрін айтып берді, бірақ тұз қос деуге ұмытып кетті. Лагман әдемі болды, алайда тұзсыз дәмі қандай болғанын елестете беріңіз", - деп жазды Саида.

"Жақындарым әдептілік танытып, лагманды бес минутта жеп қойды. Бірақ үстел үстіндегі тұзды бірінен соң бірі сұрады ", — деді Мирзиёева.

Саида Мирзиёева — Шавкат және Зироатхон Мирзиеёвтардың үлкен қызы. Оның үш баласы бар: Шавкат, Миромон және Саодатхон.