Әлем

Бастығының шайына қосқан: ер адам COVID жұқтырған науқастың сілекейін сатып алған

Қазіргі кезде ұсталған күдікті адам өлтіруге оқталды деп айыпталып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Түркияда автосалон қызметкері COVID-19 жұқтырған адамның сілекейін 70 долларға сатып алып, бастығының шайына қосқан. LADbible басылымының хабарлауынша, айыпталушы енді сот алдында жауапқа тартылып жатыр.

Автосалон иесі Ибрахим Унверди қызметкеріне автокөлік мәмілесі үшін 215 мың түрік лирасын берген. Алайда ол ертеңінде бастығына қоңырау шалып, ақшаны келісім жасамай несиесін төлеуге жұмсағанын айтқан.

Ал Унвердидің мәлімдеуінше, қызметкері оны өлтіргісі келгенін басқа жұмысшылардан естіген. Сондықтан да ол коронавирусты жұқтырған адамның сілекейі құйылған құтыны 70 долларға сатып алып, бастығының шайына қосып жіберген.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер коронавирус жұқтыру қаупін арттыратын жайтты атады

Алайда Унверди оны ішпегендіктен, ол ауру жұқтырмаған. Содан кейін жұмысшы бастығын атып тастаймын деп қорқытқан. Тіпті ол "мен сені вируспен өлтіре алмадым. Ендігі жолы басыңнан атып тастаймын" деп хабарлама жолдаған.

Автосалон иесі полицияға жүгінген. Қазіргі кезде ұсталған күдікті кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай өткен жылдың наурыз айында АҚШ-та болды. Walmart дүкеніндегі сөреде тұрған азық-түлікті жалағаны үшін америкалық азамат терроризм сипатымен айыпты деп танылған.