Видео

Табысты іс: Жамбыл облысының тұрғыны жылыжайда лимон өсіре бастады – видео

Жамбыл облысы Мерке ауданының тұрғыны Данияр Әбдіразақ жылыжайда қызанақ, қияр сынды көкөніс пен жеміс-жидек өсіру қызық емес деп шешкен. Ол лимон өсіруді қолға алды
Sputnik

Енді барша өңірді өз өнімімен қамтуды жоспарлап отыр. 

Жамбылдық тәжірибе жинақтау үшін Оңтүстік Кореяға тағылымдамаға барған. Алғаш рет жылыжайда лимон өсіру айтарлықтай қиын емес екеніне көз жеткізді. Содан соң өз өңірінде жылыжай жасау жайлы ой келді. Шығыс пен кірісті есептеп, бұл істен пайда табуға болатынын түсінді.

"Біздің өңірдегі ауа райы Кореяға ұқсас. Бірақ ол жақта ылғалдылық жоғары. Алайда біздің жер құнарлы. Өзім мал өсіргендіктен, арнайы тыңайтқыш сатып алудың қажеті жоқ. Әзірге Ташкенттен әкеліп, 25 түп отырғыздым. Әрқайсының құны төрт жарым мың теңге болды", - деді Данияр Әбдіразақ.

Жергілікті билік тұрғынның кәсібі жайлы біліп, қолдау көрсеткен. Бастамаға екі жарым миллион теңге грант бөлінді.

Лимон өсірудің қыр-сырымен видеодан таныса аласыз.