НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Республика аумағында алдағы үш күн ішінде ауа температурасы 23-33 градусқа дейінгі аралықта төмендейді деп болжанып отыр. Бұл туралы "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі хабарлады.
"9-11 ақпан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі Скандинавия аумағынан келетін суық антициклон ықпалында болады. Ауа температурасы 23-30 градусқа, ал елдің шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді деп болжануда", – делінген хабарламада.
Ал елдің батыс өңіріне Атлантика аумағынан жететін кезекті циклон әсер етеді. Аймақта қар аралас жаңбыр жауып, салдарынан көктайғақ болады. Сондай-ақ, төңіректі қалың тұман қаптайды деп болжанған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты жедел штаб құрылды